Қостанай облысындағы орман өрті: Егде жастағы ер адам қаза тапты

Сурет: видеодан алынды
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ер адамға өрттің тұрғын үйлерге ұласу қаупі ескертілгенін, бірақ ол эвакуациялаудан бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аманқарағайда өрттен кейінгі үйінділерді аршу кезінде ер адамның қаза тапқаны анықталды. Ол - 1936 жылғы мүгедек адам. Эвакуациялау кезінде учаскелік инспектор ол кісінің үйіне де бас сұққан. Бірақ ол эвакуациялық шаралардан бас тартты. Дегенмен, кісі өлімі фактісі бойынша тергеу шаралары қолға алынады. Юрий Ильин

Өңірдегі өрт осымен үшінші күн сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елдімекендеріне қауіп төнді.

Айта кетсек, жергілікті елдімекеннің 5 тұрғыны, соның ішінде біреуі бала және бір орманшы, бір әкімдіктің қызметкері, сондай-ақ ТЖМ-ның 3 қызметкері жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат пен күйік алып, уланды.

Мыңдаған адам эвакуацияланды. Шұғыл байланыс желісі іске қосылды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады