Қостанай облысындағы өрт фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысының Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында табиғи өртті сөндіру жалғасуда. Төрт елді мекенде (Аманқарағай ауылы, Озерное, Калинино және Лесное) алдын ала мәліметтер бойынша 108-ге жуық тұрғын үй мен ғимараттар зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келтірілген залал мөлшері анықталу үстінде.

Бүгінде Аманқарағай ауылының тұрғыны - 1936 жылы туған М.И. Бабенконың қаза тапқаны белгілі. Сонымен қатар, 3 қыркүйекте Қостанай қаласында «Оружейная палата» аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды,  ал төртеуі қаза тапты. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабының 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Адамдардың қаза болғанын, зардап шеккендердің санын және өрт салдарынан келтірілген шығынды ескере отырып, қылмыстық істер Бас прокуратураның және Қостанай облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары басшылық ететін тәжірибелі құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінен құрылған тергеу-жедел топтардың іс жүргізуіне қабылданды.

Тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауына алынды. 

Қостанай
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды