Қостанай облысындағы өртті сөндіру кезінде түсірілген видео жарияланды

Сурет: ҚР ТЖМ
Қостанай облысында өрт сөндірушілер осымен төртінші күні алапат өртпен арпалысып жатыр. Қызыл жалын қазірдің өзінде 43 мың гектардан астам жерді жалмап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнынан түсірілген видеоны ұсынды.

Департаменттің баспасөз қызметі ақмолалық өрт сөндірушілер Қостанай облысындағы әріптестеріне көмекке келіп жетіп, тәулік бойына жұмыс істеп жатқанын да айта кетті.

2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орманшылығының территориясында өрт шықты. 3 қыркүйекте Әулиекөл ауданында өртке байланысты бірнеше ауыл эвакуацияланды.

4 қыркүйекте өрт шалған аумақ көлемі 43 мың гектардан асты.

5 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды