Қостанайдағы өрт: орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
13 қыркүйекте Қостанай облысының прокуратурасы қыркүйек айының басында аумағында ірі өрт шыққан "Басаман орман шаруашылығы мекемесінің" басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органы ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексiнің 361-бабы, 4-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын түсіндірді.

Сол күні мекеме басшысы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 15 қыркүйекте мекеме басшысына қатысты соттың қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қостанай облысының прокуратурасы

Ведомство тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

2 қыркүйекте Қостанай облысындағы "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты. Өрт аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауданның тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өртін жою жұмыстарының барысын бағалады.

7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттердің локализацияланғанын айтты.

10 қыркүйекте Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы Әулиекөл ауданында ірі орман өртінің ауыздықталғанын хабарлады.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті