Оралда екі баланың анасы көпірден секірмек болды

Сурет: видеодан скриншот
Орал қаласының 41 жастағы тұрғыны күйеуімен жанжалдасып, 20 қазан күні таңертең өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдің кәмелетке толмаған екі баласы бар екені белгілі болды.

Полицияға көпірдің қоршауында әйел тұрғаны хабарланған соң оқиға орнына дереу наряд жіберілді.

Оралдың полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы Тынымгерей Амангелдиев пен оның серіктесі Нұрсұлтан Жаңабаев көпір маңына бірінші болып жетті.

Олар келген кезде көпірден секіруге оқталған әйелді көріп, оған үнсіз жақындап, қауіпсіз қашықтыққа апарды.

Мән-жайды анықтау үшін әйел қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін