Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды

Сурет: gov.kz
ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайдың видеосы Ustanovka 98 telegram арнасында жарияланды.

Шақыру келіп түсті, қазіргі уақытта бөлімшелер оқиға орнында. Қазірдің өзінде өрт оқшауланып үлгерді, толығырақ ақпарат сәл кейінірек беріледі. Руслан Иманқұлов

Сәлден кейін ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы ғимараттағы бөлмеде кеңсе жиһазының өртенгенін, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпығанын нақтылады.

Сағат 13:42-де өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Руслан Иманқұлов

21 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елімізде орын алған жаппай өрттің салдарынан отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді