"Алматыэлектротранс" автобустардың қатысуымен болған жол апатына түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
201-бағытқа қызмет көрсететін тасымалдаушы компания Zakon.kz тілшісіне 8 қарашада Алматыда автобустардың апатқа ұшырауына қатысты түсініктеме берді.

"Алматыэлектротранс" компаниясы тергеу барысында апатқа компания кінәлі екені анықталса, "компания заң тәртібінде барлық көмекті заңды көрсететінін" айтты.

Жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, әріптестеріміз де солай істейтініне күмәніміз жоқ. "Алматыэлектротранс" АҚ баспасөз қызметі

98-маршрутқа City-Bus ЖШС қызмет көрсетеді. Олар бүгінгі жағдай туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысып жатқанын хабарлады.

"Тергеу қорытындысы бойынша заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады", - деді ведомство өкілі.

Екі автобус соқтығысар кезде 201-бағыттағы автобус Төле би көшесімен, ал 98-бағыттағы автобус Абылай хан көшесіменк еле жатқан, автобустар көше қилысында бір-біріне соғылған.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді