Қарағандыда алаяқ зейнеткердің атынан несие рәсімдеген

Сурет: polisia.kz
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 67 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, жәбірленуші арызында белгісіз біреу оның жеке деректерін пайдаланып, 500 мың теңге несие рәсімдегенін хабарлаған. Белгілі болғандай, жәбірленуші зейнетақысы аз болғандықтан қосымша ақша табу мақсатында жұмыс іздеген.

Көшеде келе жатып, ол жас шамасы 25-30 аралығындағы белгісіз бір азаматпен танысып, ол жұмыс табуға көмектеспекші болған. Күдікті жұмысты табуды тездету үшін тек жеке басын куәландыратын құжатты сұрап, оны ұялы телефонға суретке түсіріп алған.

Арада бірнеше күн өткенде жәбірленушіге несие төлеу бойынша кестемен хабарлама түскен. Осы мәселені білуге барған жәбірленуші өзінің атына белгісіз біреу несие рәсімдегенін білген.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азамат ұсталды. Ол жәбірленушінің атына несие рәсімдегені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызмектерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады