Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен әйел табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы полицейлерінің жүйелі түрде жасаған жұмысының арқасында жоғалған әйел табылды. Нақтырақ айтсақ, Сауран аудандық полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны арызданып, әйелінің жоғалғанын жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер әйелдің баруы мүмкін деген орындарды тексеріп, таныстары арасында сұрастыру жұмыстарын атқарды.

Нәтижесінде із-түссіз кеткен әйел Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен аман-есен табылды, деп жазады Polisia.kz. 

Полицейлер оған заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Белгілі болғандай, облыс орталығында тұратын отбасында әйелі мен күйеуі арасында отбасылық келіспеушілік болып, салдарынан әйел үйінен кетіп қалған. Содан Сауран ауданындағы ағасының үйіне барамын деген әйел онда аз уақытқа ғана болып, үйіме кеттім деп, одан әрі хабарсыз кеткен.

Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды