Қазақстанның шығысында әкесі ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол салды

Сурет: pexels
Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде 17 желтоқсан күні әкесі мен баласының мүрдесі табылды. Zakon.kz сайтына облыс полициясынан хабарлағандай, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

ШҚО ДП хабарлауынша, Қабырға ауылында орналасқан үйден 59 және 29 жастағы ер адамдардың мәйіттері зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілермен табылған.

«Катонқарағай аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» және 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Алдын ала болжам бойынша, әкесі ұлына тіркелген аңшы мылтығынан оқ жарақатын салып, соңғысы қайтыс болған. Осыдан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады.


«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде». ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді