Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын денсаулық сақтау вице-министрі тексерді

Сурет: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник еліміздің медициналық орталықтарының жетекші мамандарымен бірге жол апатынан зардап шеккен балаларға барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, барлық балалар мамандардың қарауынан өтті, одан әрі емдеу тактикасы және науқастарды басқару келісілді. Туыстарына балалардың қазіргі жағдайы, ем-дом көлемі, зардап шеккендерге әрі қарай жүргізілетін шаралар туралы айтылды.

Белгілі болғандай, жаттықтырушының жағдайы ауыр күйінде қалып отыр, М.Оспанов атындағы БҚМУ көпсалалы облыстық аурухананың мамандары профессорлар құрамының қатысуымен кеңес өткізді.  Сонымен қатар, пациентті одан әрі емдеу тактикасын келісу үшін Нейрохирургия орталығының (Астана) мамандарымен телемедициналық кеңес өткізілді.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатына ұшыраған балалардың ата-аналары оқиғаның мән-жайын айтқан болатын

17 желтоқсанда Ақтөбе маңында балалар жаттықтырушымен келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Бір бала қайтыс болды. Зардап шеккен бес адам жансақтау бөлімінде жатыр.

ЖКО фактісі бойынша Жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына қатысты іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды