Әлеуметтік желіде танысқан жігіт елордалық қыздың үйіне ұрлыққа түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Елорда тұрғыны пәтерінен алтын бұйымдарын ұрлап кеткені туралы полицияға арызбен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 18 жастағы күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында оның әлеуметтік желі арқылы қызбен танысқаны анықталды. Қысқа хат алмасудан кейін олар қыздың пәтерінде танысуды жалғастырған.

Үй иесінің басқа жаққа алданып тұрғанын пайдаланып, жас жігіт пәтердің кілттерін ұрлап алған, деп жазады Polisia.kz.

Бірнеше күннен кейін үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, пәтердің есігін ашып кіріп, алтын сақинаны ұрлаған. Келтірілген шығын сомасы 2 млн теңгені құрады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады