Жұмысқа орналаспақ болған Түркістан тұрғыны ақшасынан айырылды

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан полицейлері Атырау қаласына жұмысқа орналастырамын деп алаяқтық жасаған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, интернет арқылы өзі жақсы танымайтын адам сеніміне кіріп, Атырау қаласына жұмысқа орналастырып беремін деп алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алған.

Алайда ақшаны иемденген алаяқ уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жәбірленушіні әбігерге салған.

Содан кейін жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұрайды.


Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде Қызылорда облысының жұмыссыз тұрғыны, ер адам анықталды.

Белгілі болғандай, сезікті пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Қаржы министрлігі қазақстандық кәсіпкерлердің деректері тарап кетті деген ақпаратты жоққа шығарды