Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеу бастады

Сурет: Антикордың баспасөз қызметі
22 желтоқсанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылығына (мемлекеттің 100% қатысуы) қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Антикордың айтуынша, компания басшылығы жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақысын (басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) өз бетінше арттырды.

Ақпаратта атап өтілгендей, мұндай қадам 2017-2019 жылдар аралығындағы еңбек демалысына, сыйлықақы және материалдық көмектің 169 миллион теңгеден артық төленуіне әкеп соқты.

"Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді", - деп қорытындылады ведомство.

19 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) және «Iri building» ЖШС лауазымды тұлғаларына 2019-2021 жылдар аралығында Түркістан облысындағы Қаратау кенішінде қызмет көрсету кезінде ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқаны белгілі болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз