Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов Жаңа жылды изоляторда қарсы алады

Сурет: arch.kz, mcdonalds.kz
Сарыарқаның No2 соты сотталушылар Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа қатысты бұлтартпау шарасын қамауға алудан үйқамаққа ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Судья Назгүл Бапақованың айтуынша, Астана қаласы Сарыарқа ауданының No2 сотына Қайрат Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин мен сотталушы Роман Нахановтың адвокаты Сүлейменовтен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жеңіл түріне өзгерту туралы өтініш келіп түскен.


"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен Боранбаев пен Нахановқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Астана қаласы сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен, жоғарыда аталған қаулы өзгеріссіз қалдырылды.Қорғаушылардың өтінішхаттарында көрсетілген уәждер жоғарыда аталған соттарда қаралған, Наханов пен Боранбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер мен жағдайлар жоқ. Судья Назгүл Бапақова

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шарасы тек судьяның санкциясымен және қылмысы үшін заң бойынша 5 жылдан астам бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген сотталушыларға қатысты ғана қолданылатынын атап өтті. Ал Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов, оның айтуынша, ауыр қылмыс жасады деген айыппен сотқа тартылды. Осының негізінде сот адвокаттардың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жеңілдетілген түрдегі бұлтартпау шарасына өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Осылайша, іс бойынша екі айыпталушы – Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов – қамауда, үшінші айыпталушы – Тайыр Жанұзақ – үйқамақ.

2022 жылдың 17 наурызында кәсіпкер Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемдегі қылмысты - жымқыру жасады деген күдікпен қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

30 қыркүйекте оған қатысты іс бойынша тергеу аяқталды.

30 желтоқсанда Астанада кәсіпкердің соты басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек