Жамбыл облысында қар құрсауынан 500-ден астам көлік шығарылды

Сурет: Zakon.kz
Барлығы 400-ге жуық ПД қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары қалың қар құрсауынан 500-ден астам автокөлікті шығарды.

Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына және айналаның көрінуінің нашарлануына байланысты Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолдарында 160-шақырымнан  239- шақырымына дейін, сондай-ақ Тараз – Шымкент учаскесінде 534-шақырымнан 593- шақырымына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жолдары жабық.

Полиция қызметкерлері тәулік бойы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды патрульдеуді жүзеге асыруда. Сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарына қатысып, қалпына келтіру-тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік аумақтарын аралап, тұрғындарға жол сапарына шықпауға, үйде отыруға және көліктерін қауіпсіз жерге қою қажеттігін ескертеді. Полиция қызметкерлері құлаған ағаштарды, қауіпті электр сымдарды, үйлердің құлаған шатырларын жинастырып, қалпына келтіру жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі