АҚШ-та полиция 6 жасар оқушыны қарауына алды

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Вирджиния штатында сабақ үстінде мұғалімге оқ атып, жаралаған алты жасар оқушыны полиция қарауына алды. Оқиға осыдан үш күн бұрын Ньюпорт Ньюс қаласында болған еді.

Сабақ өтіп жатқан уақытта мұғаліммен сөзге келіп қалған бірінші сынып оқушысы тапаншадан оқ атып, ұстазын ауыр жаралаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Шұғыл жан сақтау бөліміне жеткізілген мұғалімнің жағдайы тұрақталып келеді,-дейді дәрігерлер. Полиция қызметкелері бала кездейсоқ емес, қасақана оқ атты деп отыр. Бірақ оқыс оқиғаға нақты не себеп болғаны және оқушы мылтықты қайдан алғаны немесе қарудың кімге тиесілі екенін айтудан бас тартты.

Вирджиния заңы 6 жасар балаларды ересектер секілді соттауға мүмкіндік бермейді. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі департаменттің қарауына беруге де жасы жетпейді. Сондықтан кінәлі деп танылған жағдайда, сот әке шешесін ата-ана құқынан айырып, баланы әлеуметтік департамент қызметіне беруі мүмкін.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді