Талдықорғанда жылыту қазандығы жарылды

Сурет: видеодан скриншот
Талдықорғанда 11 қаңтар күні №17 қазандықта жарылыс болды. Әлеуметтік желіде жарылыс болған жерден видео жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.


kris_p_tdk Instagram желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, қазандық қаланың 2- шағын ауданында орналасқан.

Видеоны таратқан жергілікті тұрғындар "ыстық су жоқ, батарея да суып бара жатыр" деп жазды.

Zakon.kz тілшісіне Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс сағат 12:55-те Жетісу шағын ауданында болған.

"№1 қазандықтың екі қабатты ғимаратында (бар болғаны екі қазандық) жылыту қазандығы жарылып (себебі анықталуда), терезе шағылды (жанбай)". Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жалпы, ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиға кезінде бір ғана қазандық жұмыс істеп тұрған.
"Қазір резервтегі қазандық іске қосылып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Ауа температурасы -11 градус. Жылу магистралінде 52 градус".Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдік өкілдерінің сөзінще, жұмыс температурасы "бір сағат ішінде қалпына келтіріледі".


Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды