Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы облысы мен ШҚО-да үш жол учаскесі жабылды

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты үш тас жол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қаңтар сағат 20.00-дегі ақпаратқа сәйкес, екі облыста ауа райының нашарлауына байланысты (айналаның көрінуінің нашарлауы, қар көшкінінің жүру қаупі) республикалық маңызы бар тас жолдардың 3 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді. Алматы облысында:

- "Көкпек-Кеген-Түп" тасжолының Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейінгі жол учаскесінде;

- "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" күре жолының Байсейіт ауылынан Шонжы ауылына дейінгі аралықтарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінің өздігінен түсу қаупі орын алғандықтан "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов" тасжолында Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

"Автожолдарды қардан тазалау үшін 420 жол-пайдалану техникасы және 540-тан астам қызметкер жұмылдырылды"."ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

Айта кетсек, 12 қаңтарда Қазақстанның алты өңірінде қатты аяз, тұман, боран болатыны болжанып, ескерту жарияланды

Алматы облысы
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді