Қазақстанның алты өңірінде қатты аяз, тұман, боран болады деп болжанады
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік батыстан солтүстік шығысқа ойыса соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың көп бөлігінде сынап бағаны 30-33 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады деп күтіледі. Таразда тұман, түнде 28-30 градусқа дейін қатты аяз болады деп күтіледі.
Түнде Түркістан облысының басым бөлігінде сынап бағаны 25-27 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады деп күтіледі. Шымкентте түнде қатты аяз болады: -25°C. Түркістан қаласында түнде 25-27 градус қатты аяз болады деп күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны 19-24 градус аязды көрсетеді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с жетеді. Ақтауда оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында солтүстік шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с, кей тұста 23-28 м/с, ал түнде 30 м/с немесе одан да көп көлемді құрайды.