Сәрсенбіде Астана мен еліміздің алты өңірінде қатты жел, тұман болады деп болжанады
Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Шымкентте күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.