Алматыда ер адамды зорлап кетті

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда үш жігіт ер адамды зорлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші 30 жастағы ер адам 15 қаңтар күні полицияға арызданған. Оның айтуынша, бір күн бұрын ол жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшыраған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды.» Алматы ПД баспасөз қызметі

Күдіктілер жедел іздестіру шараларының арқасында дереу қолға түсті. Қазір барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер атап өткендей, ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туылған азаматтар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ.

Сот-медициналық сараптама да тағайындалды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды