Алматыда көпқабатты автотұрақтардың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Сурет: pixabay
2023 жылы Алматы әкімдігі көпқабатты автотұрақтар салу бағдарламасын қолға алмақ. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау өңірінің тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл сұрақты аудан тұрғындарының бірі көтерді. Әйел әсіресе базар маңындағы көлік тұрағы қиын екенін айтты.

Сұраққа жауап берген Алматы әкімі қала бойынша көпқабатты автотұрақтар салынатынын атап өтті. Ал базарларға келсек, әкімнің айтуынша, «Алматы автотұрағы» орындарды беріп қойған.


"Қаланың айналасына көпқабатты автотұрақтарды енгіземіз. Автотұрақтан түскен қаржы жергілікті бюджетке түседі. Биыл бағдарламаны қолға алып жатырмыз, орындар іздеу жұмыстары басталып жатыр". Ерболат Досаев

Әкім Алматыда көпқабатты автотұрақтар 2022 жылдың тамыз айында пайда болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай автотұрақтар аулаларды көліктерден жартылай босатады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз