Алматыда полицейлер пәтер ұрыларын ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда полицейлер пәтер ұрылары мен ұрланған тауарды сатып алушыны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық топтың құрамында болған бес адам Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысынан келгендер.


Қаскөйлер “іске” жұпқа бөлініп барды. Компьютерлік клубта орын алған ұрлықтың бірі бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған. Айыпталушылардың әрбір қадамы: терезені сындырудан бастап, ақша мен ұялы телефон ұрлағандарына дейін жазылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен топтың барлық мүшелерін және ұрланған тауарды сатып алушыны ұстады. Анықталғандай, ол тек ойын приставкаларына қызығушылық танытқан. Бұл жағдайда сұраныс ұсынысты тудырды. Алған олжаның сәтті сатылатынын анық білген ұрылар тек компьютерлік клубтарды тонап жүрген, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Ұсталғандардың әрқайсысында бұрын заңмен байланысты мәселелері болған және олар қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша сотталғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктілердің екі ұрлыққа қатыстылығы дәлелденді.

Ұсталғандарға айып тағылды. Полиция қызметкерлері олардың бұрын-соңды жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады