ҰҚК-нің арнайы операциясы: Шымкент пен Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен сыбайластары ұсталды

Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда аса ірі көлемде синтетикалық есірткі жеткізу және сату бойынша тұрақты арна ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК мәліметінше, «Мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған.

"Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды." ҰҚК баспасөз қызметі

Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.

Өлімге әкелетін «тауарды» Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.

Есірткіні бизнесіне қарсы іс-қимыл жалғасуда.

2023 жылдың 27 қаңтарында ҚР ҰҚК тұтқынның Орал колониясында терроризмді насихаттағаны үшін сотталғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс