Таразда жер комитетінің жалған қызметкері ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Тараз қаласы полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғыны шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың айтуынша, облыстық жер комитетінің қызметкері ретінде өзін таныстырған адам Тараз қаласының шағын аудандарының бірінен жер учаскесі мен пәтер алуға жәрдемдесуге уәде берген.

Тұрғындардың сеніміне кірген ол 10 млн және 920 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, кейін байланысқа шықпаған.

Осы деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Тергеу барысында ұсталған адамның мұндай ұйымдарға ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталды, ал жәбірленушілермен кездескенде ол өзін басқа есіммен таныстырған. Күдікті кінәсын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз