Ұлытау облысының полицейлері басшысын өлтірген қызметкерді қолға түсірді

Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысының полицейлері шаруа қожалық басшысын өлтіру фактісін “ізін суытпай” ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 қаңтарда сағат 18:30 шамасында Ұлытау облысы Ұлытау ауданының полиция бөліміне Ұлытау ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан қыстаудан 46 жастағы шаруа қожалығы басшысының зорлық белгілері бар мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына облыстық ПД және Ұлытау аудандық ПБ қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жөнелтілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған шаруа қожалығының 45 жастағы қызметкерін анықтап, ұстады.

Күдікті шаруа қожалық басшысымен өзара жанжалдасу кезінде өлтіргенін айтып, кінәсін мойындады.

Қылмыс орнынан атқа мініп қашып, ізін жасырмақ болғанымен, полиция қызметкерлері көп ұзатпай далада қолға түсірді. Айғақты заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады