Сирия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алеппо, Латакия, Хама және Тартус провинцияларында 237 адам қаза тауып, 639-ы жараланды, деп жазды РИА Новости басылымы.
Түркия вице-президенті Фуат Октай 284 адам қаза тауып, тағы 2383 адам жарақат алғанын айтты.
Оның айтуынша, қаза тапқандардың көбі Кахраманмараш тұрғындары – 70 адам, онда 300-ге жуық ғимарат қираған. Жараланғандардың көбі Шанлыурфа провинциясында – 600-ге жуық адам.
6 ақпан күні таңертең Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды. Түрлі қалада жүздеген ғимарат қирап, Хатай провинциясында газ құбыры жарылды. Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды.
Сирияда Алеппо тарихи орталығы қатты зардап шекті. Жерасты дүмпулері Ливан астанасы Бейрут пен Иракта да сезілді.
6 ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.