"Сивасспор" футбол клубының бапкері жер сілкінісі кезінде 15 туысынан айырылды

Сурет: Anadolu Agency
Түркияның "Сивасспор" футбол клубының әкімшілігі жер сілкінісі кезінде бас бапкердің көмекшісі Айхан Тенбелоғлу 15 туысынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клуб жер сілкінісі салдарынан Хатай қаласында тұратын туыстарынан айырылған Айхан Тенбелоғлуға көңіл айтты.

"Айхан Тенбелоғлының туыстарының жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғанын естідік. Оның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз және қайтыс болғандарға Алла Тағаладан рақым тілейміз". "Сивасспор" футбол клубының баспасөз қызметі

6 ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7-ге жеткен бірнеше жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 мыңға жуық адам қаза тауып, 15 мыңнан астам адам жарақат алды.

Жер сілкінісі салдарынан үйінді астында қалған  "Хатайспордың" бес футболшысы мен екі жаттықтырушысы құтқарылып, аман қалды. Құтқарушылар спорт директоры Танер Савутты әлі де іздеп жатыр.

Түркия футбол федерациясы зілзаладан зардап шеккендерге бір миллион еуро көмек көрсетті.

Түркиядағы барлық спорттық шаралар тоқтатылды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды