Оралда сұйытылған газ тапшы

Сурет: Zakon.kz
Оралда сұйытылған газ тапшылығы туындады. Кейбір бекеттерде отын талонмен беріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себебі ай басталғалы Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылды. Облыс сұйық отында Атырау және Ақтөбе зауыттарынан алады.

Қазір жанармай құю стансаларында 550 тонна газ қалған. Бұл үш күндік қор. Ал өңір бір айда 5 мың жарым тонна газ тұтынады. Зауыттағы жөндеу кемінде екі аптаға созылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Зауыттың тоқтауына байланысты бізде қазір облысымызда газ жетіспеушілігі байқалуда. Мұны қалай шешіп жатырмыз? Әрине энергетика министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қосымша айта кеткен жөн, жергілікті «ЖайықМұнай» компаниясынан келіссөздер жүргізілді. Уақытша 1500 тоннаға дейін газ беру жоспарлануда. Бүгінгі күні газ беріп бастады.    Мирас Мүлкәй, Облыстық энергетика және түкш басқармасының басшысы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік