Түркияда үйінділер астынан Қазақстан азаматы аман-есен табылды

Сурет: Telegram/Rescue KZ
Соңғы келіп түскен ақпарат бойынша, үйінділер астында тірі жатыр деген Сабина Мамадьярова құтқарылды. Ол үйінді астынан құтқарушылармен тілдескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сабинаға оқиға орнында медициналық алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол ауруханаға жіберілді. Оның қолы сынғаны белгілі.

Айта кетсек, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде төрт қазақстандық жоғалып кеткені хабарланған болатын. Сондай-ақ жоғалған төртеудің бірінің туыстары волонтерлар көмегіне жүгініп, бүгін түнде Түркияға ұшып шыққан еді. Сабинаға қатысты мәліметті Хатай провинциясында жүрген сол топтың мүшесі Алмат Құрмашев жеткізді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы