Алматыда жаңа аспалы жолдар пайда болады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде жаңа аспалы жолдардың құрылысы туралы айтты. Оның жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әкіммен кездесуде қала тұрғындарының бірі қала ішінде жаңа аспалы жол салуды ұсынды. Мұндай шешім қаладағы кептелісті азайтуға көмектеседі деп атап өтті. Жоба экологиялық тұрғыдан да таза, өйткені күн батареяларын орнатуға болады.

"Бізде 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында қалада аспалы жолдар салу жоспары бар. Оның ұзындығы 33 шақырымға созылады. Сіз айтқандардың барлығын қарастырамыз. Егер сізде қосатын нәрсе болса, оны да тыңдауға дайынбыз", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Бұған дейін әкім 2023 жылдың соңына қарай қалада алғашқы муниципалды көп деңгейлі автотұрақ пайда болатынын айтқан болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады