Алматыда Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Сурет: Anadolu Agency
Фронт-офис негізіндегі қабылдау пунктіне кез келген адам келіп, Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұсынған тізім бойынша, кез келген мөлшерде заттарды алып келе алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 8 ақпанында Алматы қаласында Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жұмыстары басталды.

Алматы қаласындағы гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері Байтұрсынов көшесі, 22к1, 2-қабаттта орналасқан Алматы қаласындағы волонтерлердің фронт-офисі (байланыс телефондары +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40) және Майлина 2 көшесінде орналасқан, Алматы халықаралық әуежайында болып табылады.

Фронт-офис негізіндегі қабылдау пунктіне кез келген адам келіп, Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұсынған тізім бойынша, кез келген мөлшерде заттарды алып келе алады.

Қабылдау уақыты: қабылдау пункті 09:00-ден 18:00-ге дейін Әуежайдағы гуманитарлық көмекті қабылдау пункті гуманитарлық көмекті үлкен көлемде қабылдауға бағытталған.

2023 жылдың 8 ақпанында қабылдау пункттерін ашуға дайындық жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күні Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының белсенділері, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, «QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Медициналық жастар» ҚҚ сияқты ірі волонтерлік ұйымдардың волонтерлері және т.б. волонтерлар штабының жұмысына қатысуда.Қала еріктілері гуманитарлық көмек жинау үшін ақпараттық бейнероликтер мен плакаттар дайындады. 

Волонтерлер чаттар мен әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдарды тарату жұмыстарын бастады.

50 тәжірибелі еріктілер қабылдау пункттерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және заттарды сұрыптауға үйретілді. Гуманитарлық көмек Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұсынған тізім бойынша қатаң түрде қабылданады.

Қазіргі уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшін ең алдымен келесі заттар қажет:

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

АҚШ пен Иран келіссөздерге қарамастан бір-біріне қайтадан соққы жасады