Түркияда Қазақстан құтқарушылары үйінді астынан 7 адамды тірідей, 14 адамды өлі күйінде алып шықты

Сурет: ҚР ТЖМ
Қазақстанның құтқарушылары мен медицина қызметкерлері Түркияның Газиантеп және Нұрдағы қалаларында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Іздеу-құтқару операциялары кезінде 7 адам тірідей табылды, тағы 14 адамның өлі денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев оқиға орнынан хабардар етті.


"Мына нысанда қазіргі уақытта инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қираған көпқабатты үйдің жоғарғы беті аршып алынады, ал қалған төменгі үш қабатқа біздің құтқарушылар итпен бірге іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізетін болады. Зілзала салдарын жою бойынша операция өз жалғастығын табуда". Ибрагим Күлшімбаев

Құтқарушылардың бірінші тобы жер сілкінісі болғаннан кейінгі күні - 7 ақпанда Түркияға ұшып кетті, екінші тобы 8 ақпанда аттанған болатын.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты