Желідегілер Түркиядағы ерекше бұлт пен жер сілкінісін байланыстырып, айран-асыр

Сурет: Anadolu Agency
Әлеуметтік желі қолданушылары Түркияда "өткен аптада" аспанда байқалған ерекше пішінді бұлттың суретін жаппай таратуда. Жазба авторының пікірінше, 2023 жылдың 6 ақпанында орын алған жер сілкінісіне осы түрткі болған болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазбада ешқандай дәлел жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.

Шын мәнінде, суретте көрсетілген бұлт Түркияда 2023 жылғы 19 қаңтарда байқалған. Бұл - линза тәрізді немесе лентикулярлық бұлт. Ол ауа толқындарының қатпарларында пайда болады. Бұлт Түркияның Бұрса қаласында қалыптасқан, онда ауа температурасы бір күн бұрын Цельсий бойынша 26 градусқа дейін көтерілген.

"Әдетте, мұндай бұлттар жер сілкінісінің емес, жауын-шашынның болатынын білдіреді. Мысалы, бұған дейін Ресей мен АҚШ тұрғындары лентикулярлық бұлттар туралы хабарлаған, бірақ одан кейін жер сілкінісі болған жоқ", делінген хабарламада.


Сурет: Anadolu Agency


Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ерекше бұлт көрініс тапқан қала елдің жер сілкінісі болмаған бөлігінде орналасқан. Сарапшылар 2023 жылғы 19 қаңтарда лентикулярлық бұлттың пайда болуы 5-6 ақпанға қараған түні басталған жер сілкінісіне ешқандай қатысы жоқ екенін, бұл кездейсоқ болған жағдай екенін айтады.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр