Қызылордада жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяқ ұсталды

Сурет: Zakon.kz
20 ақпан күні алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 жастағы жәбірленуші өзінің арызында алаяққа алданғанын көрсеткен. Өткен жылдың шілде айында «медбике қызметіне орналастырып беремін деп уәде еткен танысы 770 мың теңге көлемінде ақшасын алған.

Бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешімін таппағандықтан жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 36 жастағы әйел адам ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады