Алматыда жаңа саябақ салынады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жаңа саябақ салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айнабұлақ 1, 3 шағын аудандарының скверлері мен Гүлдер саябағы ағымдағы жөндеуден өтті, суару жүйелері жөнделді, жаңадан жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды. 

Наурыз айында Кемел шағын ауданында жаңа саябақтың құрылысы басталып, жыл соңына дейін бітеді. Сонымен бірге, III-ші тоқсанда Көкмайса шағын ауданындағы Есентай өзенін абаттандыру аяқталады.

"«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында былтыр ауданда 23 жоба іске асырылды, оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды. " Ерболат Досаев

2023 жылы қала тұрғындарының өтініші бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды