Алматыдағы екі бардың қызметкерлері есірткі сатты деген күдікке ілінді

Сурет: ҚР ІІМ
Арнайы іс-шараны Алматы қалалық ҰҚқКБ-ның қызметкерлері полицияның арнайы жасағының көмегімен және қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізді.

Нәтижесінде екі ойын-сауық мекемесінде есірткі сатумен айналысқандар ұсталды.

"Бірінші жағдайда Әл-Фараби даңғылында орналасқан караоке-бардың 29 жастағы даяшысы біздің назарымызға ілікті. Ер адам клиенттердің өтініші бойынша тамақ пен сусын ғана емес, синтетикалық есірткі де алып келіп беретіні белгілі болды. Оның қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталды. “Самал” ықшам ауданында орналасқан тағы бір караоке-клубының әкімшісі есірткі сатумен айналысқан. Мефедрон есірткі затын сату кезінде 22 жастағы Н. есімді азамат ұсталды. Екі күдікті де қамауға алынды", – деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Полицияда есірткі жеткізу арнасы мен оны жүзеге асыру тізбегі жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша белгілі болатынын нақтылады.

ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды