Алматыда қалта ұрлығын жасады деген айыппен үш күдікті қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Сауда орталықтарының бірінде ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы азаматша ұсталды. Оның қылмыс жасаған сәті бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 жастағы Б. есімді азаматша мен оның “серіктесі” 29 жастағы Ф. есімді азаматша смартфон ұрлады деген күдікке ілікті. Белгілі болғандай, жас әйелдер түнгі клубтарда ұрлық жасаумен айналысқан.

"Полицейлер күдіктілерді “ізін суытпай” ұстады. Тергеудің осы кезеңінде, олардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың төрт дерегіне қатыстылығы анықталды. Күдіктілерді негізінен басқа адамдардың ұялы телефондары мен гаджеттері қызықтырған. Эпизодтардың саны көбірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осы бағытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков."

Сауда орталықтарының бірінде ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы азаматша ұсталды. Оның қылмыс жасаған сәті бейнекамераға түсіп қалған.

"Күдікті сауда және ойын-сауық орталығында болған кезде келушінің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Арыз негізінде қылмыстық іс тіркелді, — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов."

Сонымен қатар Алматы қаласы ПД, ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

2027 жылы Қазақстанда қандай отбасылар ауқатты деп танылып, жәрдемақыдан қағылуы мүмкін