Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды

Сурет: Instagram/armandzhumageldiev
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 6 наурызда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылған.

"Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 сәуірге дейін ұзарту санкцияланды", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

2022 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматыда Дикий Арманның ұсталғаны туралы мәлім етті. Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталды.

Бас прокуратура Арман Жұмагелдиев шеру кезінде адам ұрлады деп мәлімдеді.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Құдайберген мен Дикий Арманға рақымшылық жасалмайтынын айтты.

2023 жылғы 5 қаңтарда ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістегі жиында сөйлеген сөзінде Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының жетекшілігімен әрекет еткенін айтты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?