Бас прокуратура: Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке рақымшылық жасалмайды

Бас прокуратура, рақымшылық, қаңтар оқиғасы, Дикий Арман Сурет: Facebook/Кайрат Кудайберген, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы
ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Құдайберген мен Дикий Арманға рақымшылық жасалмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

27 қазан күні ҚР парламенті "Рақымшылық туралы" Заңды қабылдады.

Осы орайда Бас прокуратура өкілі 20 шақты адамның әрекеті (қаңтар оқиғасы кезінде) жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы болып сараланғанын, олар рақымшылыққа ілінбейтінін атап өтті.

Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олардың саны шамамен 700 адам. Олардың бәрі рақымшылыққа ілігеді, ал жаппайы тәртіпсіздік ұйымдастырған 20 адам рақымшылыққа ілінбейді. ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев

Бас прокурордың орынбасары Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтің ісі ұйымдастырушы ретінде қаралып жатқанын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз