Қаңтар оқиғасына қатысқандардың қаншасына рақымшылық жасалады
![Рақымшылық, қаңтар оқиғасы, ҚР президентінің жолдауы, ҚР Бас прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 14:26](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-b36b666e-0de6-4072-a7d2-dfcc1f8cdab5/800x451.webp)
Мәжіліс кулуарында ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасына қатысқандардың қаншауы рақымшылыққа іліккенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Шамамен 1500 адам. Бірақ қазір бізде қылмыстық қудалау орбитасында 1600-ге жуық адам бар екенін есте ұстаған жөн. Яғни, көпшілігін қосамыз (рақымшылыққа енгіземіз. – ред.). Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалив
Оның айтуынша, рақымшылыққа негізінен жаппай тәртіпсіздікке, ұрлық пен басқа да қылмыстарға қатысты баптарға қатысы барлар ілігеді.
Бұл жай ғана арандатушылыққа бой алдырған азаматтарымыз, - деді Әсет Шындалиев.
1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялады. Бұл ретте ол бүлікті ұйымдастырғандар мен мемлекетке сатқындық жасағандар бұл рақымшылыққа ілінбейтінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript