Мектептерді кәсіби мамандар емес, қарапайым "вахтерлар" күзетеді – Марат Ахметжанов

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов іс жүзінде, мектептерді күзету кәсіби емес мамандарға, яғни қарапайым "вахтерларға" тапсырылғанын, салдарынан оларда мүмкіндік те жоқ, заңмен белгіленген жауапкершілік те жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Вахтерларда" мүмкіндік те жоқ, заңмен белгіленген жауапкершілік те жоқ. Сондықтан қауіпті заттар мен қаруды кіргізуге тосқауыл қояды деп үміттену – бос амал. Бұл жерде мекеме әкімшілігі техникалық спецификада күзеттің тәсіліне, қызметкерлердің шекті жасына, олардың арнайы дайындық деңгейіне талаптарды дұрыс қоюы керек", - деді ол үкімет отырысында.

Оның сөзінше 700 адамнан асатын мектептерде радиобайланысы бар, қызметтік қарумен жабдықталған, жедел әрекет ету мобильді топтары бар, лицензияланған күзет болуы керек. Бірақ бүгінгі күні онымен мектептердің тек 84% пайызы қамтылған (1416 мектептің 1193-і).

Сонымен қатар Ішкі істер министрі Солтүстік Қазақстан (42) мен Түркістан (61) облыстарында ешбір мектеп лицензияланған күзетке алынбағанын мәлімдеді. Ал Ұлытау облысында – 9% пайыз ғана (22-ден 2). Қостанайда – 50% пайыз (59-дан 30).




Қазақстан
Ахметжанов Марат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды