ҰҚК мен ФСБ Қазақстанның үш қаласында арнайы операция жүргізді

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІІМ Ресейдің ФҚҚ-мен бірлесіп, Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысындағы криминогендік жағдайды сауықтыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.

Бұған дейін хабарланғандай, қаңтар айында екі елдің арнайы және құқық қорғау органдары Қазақстан мен Ресей азаматтары қатысқан қоғамдық қауіпті қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.


Аталған жұмысты жалғастыра отырып, ҰҚК аса қатыгездікпен ерекшеленетін кезекті ұйымдасқан қылмыстық топты жедел зерделеуге алды. Оның қатысушыларының ауыр жалпы қылмыстарға (кісі ұрлау, бопсалау, ұрлық, кісі өлтіруге оқталу) қатысуы құжатталды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

15-16 наурызда ҰҚК-ФҚҚ, сондай-ақ ІІМ және прокуратура қызметкерлері қатарынан мемлекетаралық жедел-тергеу тобы Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұсталғандардың өзге де қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталуда.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді