Қарағанды облысында бұлан атқан ауыл тұрғыны жауапқа тартылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының инспекторларымен “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында ауылдардың біріне жетіп қалғанда жолдан 100 метр қашықтықта денесінде жарақаты бар бұланды тауып алған.

Сонымен қатар оқиға орнынан аңшы мылтығына келетін оқ-дәрінің гильзасы тәркіленді. Тәртіп сақшылары сондай-ақ оқиға болған жерден автокөлік дөңгелегінің іздерін тапты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 52 жастағы ауыл тұрғыны анықталды.

Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты