Сарыағаш полицейлері жаяу жүргіншіден марихуана тапты

Сурет: Zakon.kz
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 00:15 шамасында аудан орталығы көшелерінің бірінде жүрісі күмәнтудырған жаяу жүргіншіні байқап қалады.

Содан полицейлер тұрғынды тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде оның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады.

Яғни, жергілікті тұрғынға жеке тінту жүргізген тәртіп сақшылары ер адамның қалтасынан есірткіге ұқсас затты тапқан.

Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Ал сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі кептірілген марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта осы жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды