Әйелі мен өгей қызын пышақпен қорқытқан бұрынғы мектеп директоры қоғамдық жұмысқа тартылды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде отбасылық жанжал кезінде әйелі мен өгей қызын пышақтамақ болған ауыл мектебінің бұрынғы директорына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталушы ашуланып, әйелін қорқытпақ болғанда абайсызда пышақпен жарақаттағанын, өлтіру ниеті болмағанын айтты. Жанжал кезінде ол мас болған.
"Сот сотталушының жәбірленушілерді өлтіру ниеті болмаған, ол тек қорқытпақ болған, оның бұл әрекетін ешкім тоқтатпаған, өзі тоқтатып, әйелінің туыстарын көмекке шақырды деген қорытындыға келді". Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Жәбірленушілер жеңіл жарақаттар алды.

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ ол 360 мың теңге материалдық шығын мен 2 миллион теңге моральдық шығынды өтейді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

2022 жылдың күзінде Ақтөбе облысы Шалқар ауданында ауыл мектебінің директоры әйелі мен өгей қызына пышақ ала жүгірген. Облыстық білім басқармасы бұл азаматтың мектеп директоры қызметін атқарғанына жарты жыл болғанын айтты. Оған дейін ол аудандық білім бөлімінде қызмет атқарған. Оқиғадан кейін бірден қызметінен босатылды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды