Қостанайлықтар жол үстімен қайықпен өтіп жүр

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысындағы Ахмет ауылына баратын жол су астында қалды. Жанкелдин ауданына қарасты бұл елдімекен облыс орталығынан 700 шақырым қашықта орналасқан.

Тұрғындар қазір жол үстіне жайылған суды бастарын қатерге тігіп қайықпен кешіп өтіп жүр. Бұл - жолдың көршілес Ақкөл ауылымен ортасындағы бөлігі, деп жазады qazaqstan.tv.

Ұлы Жыланшық өзенінің Ақкөл көліне құяр сағасы. Осы тұстан аумағы шамамен 100-150 метр болатын жерді су үш жерден бұзған. Енді тұрғындар үйлеріне көлікпен жету үшін жолсыз даламен жүріп, 60 шақырым үлкен көлді айналып келуге мәжбүр. Ал тура жүргенде Ақкөл мен Ахмет ауылының арасы небәрі 10 шақырым.


"Жоқ, әзір жол ашылмайды. Кіреберісте елу метрдей, содан тағы жүз метр өтесіз. 100-150 метр грейдерді алып кеткен бұрынғы жыра бар. Сол екі жер телегей теңіз, әзір кеппейді ол жер. Ал көлді айналып келіп жатыр. Бірақ дала әлі кебе қойған жоқ. Отырып қалатын жерлері бар. Кеше құдаларымыз тауармен келе жатып, батып қапты. Көліктер батып қалып жатыр солай." Нариман Шорман, Ахмет ауылының тұрғыны

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек