БҚО полицейлері 10 қылмыстық іске қатысы бар деген күдіктіні қолға түсірді

Сурет: ҚР ІІМ
Орал қаласы ПБ Абай Пб криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтық жасау арқылы ұрлыққа барған күдіктіні анықтап қолға түсірді.

Бірнеше адамнан қоңырау шаламын деген желеумен телефондарын сұрап алып, қолды еткен 27 жастағы Орал қаласының тұрғыны ішкі істер органдарының іздеу есебіне алынған еді.

Ұрлап қана қоймай, одан әрі сол ұрланған телефон иелерінің атына банктер арқылы қомақты сомаларға несие ресімдеп оны айлакерлік құйтырқы амалдармен кәсіпкерлік шоттарға аударып отырған. Жәбірленушілерден келіп түскен арыздар және олардың сипаттаулары арқылы күдіктінің кім екені белгілі болса да, оның болу орнын анықтау мүмкін болмады.

Полиция қызметкерлері жүргізген іздеу іс-шаралары нәтижесінде күдікті Ақсай қаласынан такси арқылы келе жатқан жерінен қолға түсті. Тергеу барысында оның Ақсай қаласында да автокөлік ұрлағаны, басқа да ұсақ ұрлықтар жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті азаматқа қатысты 10 эпизодтық іс тіркеліп отыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық), 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) және 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді