Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 17 қазанынан бастап Рашид Аюповтың Астана қаласы бойынша Түзеу жүйесі департаментінің №64 аралас күзет мекемесінде (СИЗО) жалпы негізде ұсталғанын растады.
Тергеу изоляторларында қамауда отырған адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері бар, сондай-ақ мекеме кітапханасынан кітаптар алуға, адвокаттармен, қоғамдық қорғаушылармен және туыстарымен кездесуге мүмкіндігі бар, - деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. 2022 жылдың 11 наурызында Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған.
Аюпов әкім болып тағайындалмай тұрып-ақ, 2022 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 98 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді.
2022 жылдың 13 шілдесінде Дәурен Махажанов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.